Информационный блок

Тут должен быть любой ваш текст

Цвет шаблона

Мини статистика

    File /engine/modules/rt_statistiks.php not found.

Вход на сайт


  • Скачать красивые и стильные шаблоны DLE для своего нового сайта.
    ЗАГРУЗКА
    Назад
    Далее
    /templates/FutureTemplates/demo/2001.jpg
    /templates/FutureTemplates/demo/2017.jpg
    /templates/FutureTemplates/demo/2003.jpg
    /templates/FutureTemplates/demo/2016.jpg

    Колледждегі «Патриот» айлығы

    Патриотизм – Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ғасырлар бойындағы күреспен бекітілген, аса терең сезімдердің бірі. Осыған орай 2013 жылдың 9 сәуір - 9 мамыр күндері аралығында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде «Патриот» айлығы жоспарланып, өткізілді. Айлықтың басты мақсаттары: өскелең ұрпаққа өз ұлтының тарихына деген қызығушылығын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және ояту, патриоттық сезімін тәрбиелеу, болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыру, ҰОС мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсету, Қазақстанда ұлтаралық келісімді нығайту, толеранттыққа тәрбиелеу.
    «Патриот» айлығында төменде аталған жұмыстар атқарылды:
    - 9.04-9.05 күндері аралығында колледж кітапханасында «Ерлікке тағзым» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды;
    - 9.04-15.04 - Ұлы жеңістің 68 жылдығына арналған қабырға газеттерінің байқауы өткізілді. Осы байқаудың нәтижесінде бірнеше жұмыстар мазмұны мен эстетикалық көркемделуі жағынан үздік танылып, І орынды - ҚТ-521, ІІ орынды – МГ-321, СТ-221, ІІІ орынды – МГ-111, ҚТ-112, ҚТ-311 топтары иеленді;
    - 16.04-26.04 - барлық топтарда Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған тәрбие сағаттары өткізілді;
    - 09.04-27.04 - барлық І-ІІ курс топтары Облыстық Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың мемориалды мұражайына экскурсия жасады;
    - 15.04-26.04 – Тілдер ПЦК-сы барлық топтарда «Шаттаң, Жеңісті көктем!» атты үздік шығарма байқауын өткізді;
    - 15.04-26.04 – Дене шынықтыру және АӘД ПЦК-сы Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған ұлдар арасында воллейбол мен баскетболдан біріншілік ұйымдастырылды. Баскетболдан жүлделі орындарға МГ-422 – І орын, МГ-221 – ІІ орын, ҚТ-221 – ІІІ орын. Воллейболдан: ҚТ-321- І орын, СТ-521 – ІІ орын, МГ-121 – ІІІ орын;
    - 22.04 – Тілдер ПЦК-сының ұйымдастыруымен «Война всегда война, ей трудно быть иною» орыс тілінде мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқау барысында үздік таланттар анықталып, нәтижесінде І орынға – СТ-121 тобының оқушысы Глумова Екатерина иеленді;
    - 23.04 - Тілдер ПЦК-сының ұйымдастыруымен «Шаттаң, Жеңісті көктем!» қазақ тілінде мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауда І орынға – СТ-221 тобының оқушысы Нигметуллина Айгерім иеленді;
    - 24.04 - «Жас ұлан - патриот» саптық әндер байқауы І курс оқушылары арасында оздырылды. Мақсаты:оқушылар бойында Отанына беріктігін, азаматтық борышын өтеуге, конституциялық міндеттерін орындауға даярлығын және жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру. Саптық ән байқауында жеңіске жеткен топтар дипломдармен марапатталды: І орын - КТ-111, ІІ орын - МГ-211, ІІІ орын - КТ-113, КТ-411 топтары иеленді. Ең үздік командир атағын КТ-411 тобының оқушысы Калиолла Бекежан алды;
    - 25.04 – Математика және информатика ПЦК-сының оқытушысы А.С.Кимашева Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған мультимедиялық жобалар байқауын ұйымдастырды. Байқауға 14 жұмыс тапсырылып, оқушылар өздерінің шығармашылығын көрсетті. Байқау соңында үздік жобалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды: І орын Каримуллин Аян СТ-231 тобы / «1941-1945 жалынды жылдар»/, ІІ орын Сапарғалиев Алпамыс СТ-221 тобы /«Отан үшін отқа түскен каһармандар»/, ІІІ орын Ескаиров Темірлан ҚТ-311 тобы /«Ұлы Жеңіс ел есінде»/.
    - 26.04 – І курс оқушылары арасында әскери-спорттық эстафета өткізілді. Мақсаты: оқушыларды патриотизмге, ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, тәрбиелеу, саптық дағдыларын жетілдіру. Эстафетада автоматты шашып, жинау, қорғаныш киімін кию, алғашқы медициналық көмек көрсету және жарақаттыны тасымалдаудан жарыс өткізілді. Жеңіске жеткен топтар: І орын - МГ-111, ІІ орын - КТ-411, ІІІ орын - КТ-111.
    - 30.04 – ІІ курс топтары арасында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты достық фестивалі колледж акт залында өтті. Бұл фестивальге әр топ Қазақстанды мекендейтін халықтарды көрсетті. Олар: өзбек, украин, орыс, татар, ұйғыр, неміс, әзірбайжан. Әр топ презентация арқылы ұлттын тарихы, сахнада өнер, ұлттық киімі, салт-дәстүрі және ұлттық тағамымен таныстыру жасады. Фестивальде үздік деп ҚТ-521, СТ-221 СТ-121 топтары табылды.
    - 3.05 – 3 мамырда ҚР Қарулы Күштерінің 21 жылдығына арналған пневматикалық қарудан атудан жарыс өтті. Мақсаты: оқушыларды ҚР Қарулы Күштер қатарына дайындау, атыс дайындығы бойынша шеберліктерін жетілдіру, мергендікке баулу. Жеңіске жеткен топтар: І орын -МГ-211, ІІ орын - МГ-311, ІІІ орын - КТ-411.
    - 6.05 – Колледж акт залында «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмытылмайды» Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға колледждің тыл ардагерлері шақырылды;
    - 9.05 – Колледж ұжымы Темір Масин ескерткіші мен мәңгілік алауға гүлшоқтарын қою рәсімдеріне қатысты;
    - 14.05 - колледждің ІІ курс оқушылары Жәнгірхан атындағы БҚАТУ Әскери кафедрасында экскурсиямен болып, қайтты. Кафедра оқытушысы подполковник П.В.Ларин оқушыларға биылғы жылдан бастап әскери кафедра ҚР Қарулы Күштерінің Әскери теңіз флотына мамандар дайындайтынын қазіргі таңда 90 маман дайындап жатқанын айтып жеткізді. Оқушылар әскери техниканың жаңа үлгілерімен, әскери тұрмыспен танысты.



    Future Temlates

    - это чистый, стильный шаблон адаптированный для DataLife Engine 9.3 CMS. Шаблон был разработан для любого вашего проекта.

    Информация о шаблоне

    Установка: загружаем, правим несколько php файлов и любуемся шаблоном.

    Вам понравится это шаблон. Простой и в тоже время пристижный.